Статьи

Рақымжан Қошқарбаев - Жеңіс сарбазы

Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Балалар жылын» өткізу жөніндегі іс- шаралар жоспарын негізге ала отырып, Қонаев қаласы «Балдәурен» республикалық оқу сауықтыру орталығы 2022 жылдың 7 мамыр күні «Рақымжан Жеңіс сарбазы» атты республикалық патриоттық іс-шара өткізілді. Ұлы Отан соғысы жылдарында кеңес жауынгерлері жасаған ерлікті мәңгі есте қалдыру мақсатында Ресей Федерациясының президенті В.Путин 2007 жылы 7 мамырда Жеңіс туы мәртебесін сақтау мақсатында арнайы құжатқа қол қойған. 2011 жылы Жеңіс Туының көшірмесі «Балдәурен» республикалық оқу сақтандыру орталығына жеткізілген. 2021 жылы Түркістан облысындағы «Балдәурен» РОСО филиалында патриоттық іс-шара өткізіліп, Қонаев қаласы «Балдәурен» РОСО жолданған болатын.
Халық қаһарманы, Рейхстагқа Жеңіс Туын тіккен қазақ азаматы Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне тағзым көрсету, еске алу және дәріптеу. Балаларды өз Отанына, оның өткеніне, бүгіні мен болашағына саналы қарауға үйрету. Әр баланың Отанға деген патриоттық рухта тәрбиелеуде алар орны ерекше. Патриоттық іс-шара өте жоғары деңгейде өтті. Балалар керемет өнерлерін көрсетті.
Қатысқан қонақтар ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нукетаева Динар Жусупалиевна, Жүсіп Нұртөре Байтлесұлы, ҰОС ардагері Максимова Тамара Александровна, Тыл еңбеккері Жетпісбаева Асма Сейсенбековна, сонымен қатар ауған ардагерлері, танымал қоғам қайраткерлері. Ардагерлер өткен іс-шарадан үлкен әсер алып, өз ризашылықтарын білдірді.
Жеңіс күні қарасаңында осындай патриоттық маңызы зор іс-шараға Алматы қаласы «Ұлы Отан соғысы ардагерлер кеңесі, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары» қоғамдық қорын арнайы шакырғандарыңыз үшін «Балдәурен» РОСО бас директоры Алибаев Сержан Төлеметұлына, Қаджимуханова Жарқынай Биболатовнаға, Күлжанова Гүлнар Нүсіпбаевнаға, мерейімен ат салысқан орталықтың бүкіл ұжымына алғысымызды білдіреміз.

Мариям Абдулина