Ең атақты нұсқасы — Кеңес үкіметі әскерінің неміс әскеріне қарсы Псков қаласын қорғап қалуы. Тылсым оқиғаларға толы қанды шайқасты зейін салып қарастырар болсақ, бұл да шындыққа сәйкес келмейді. Себебі Псков қаласын сол неміс әскерлері басып алмады ма?
1922 жылы 23 ақпанда халық комиссары Троцкийдің үкімімен соғыс аяқталғандықтан, ел арасында осы күні қуанышты той болған. Троцкий жай ғана той ұйымдастырып қойғысы келген жоқ, бұл күнді Лениннің Кеңес әскерінің құрылу күні декретіне сәйкестендіргісі келді. Кейбіреулер мейрамның бастауы осы күн деп біледі.
Кеңес үкіметі идеологтары бұл күн жайлы нақты ақпарат беруге тырысты. Нәтижесінде әскерлер мейрамы біраз өзгеріске ұшырап, Лениннің қол қойған декретімен емес, әскерге мобилизациялаудың басталуымен түсіндірілді. Мейрамның келесі даму тарихы 1946 жылы «Қызыл армия әскері» күнінің «Кеңес үкіметі және теңіз флоты әскерлері» күніне өзгертілуіне байланысты. Осылайша мереке дами түсіп, әйелдер жігіттерге сыйлықтар ұсынған.
Қазіргі таңда бұл мерекенің бұрынғы Кеңес елдері арасында Ресей, Белоруссия, Қырғызстан, Тәжікстан, Оңтүстік Асетия «Отан қорғаушылар күні» болып сақталып қалды.