Күн санап, қатарлары сиреп бара жатқан ардагерлерімізді ардақтау, оларға қажетті көмек көрсету біздің міндетіміз.
«Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары» қоғамдық қорының ерікті мүшелерінің қатарында Қазақ Медициналық Үздіксіз Білім Беру Университетінің студенттері, ақхалатты абзал жандарда бар. Олар 17 қазан күні бірнеше ардагерлердің үйлеріне бас сұқты. Оларды жіті тексеріп, қажеттілігіне қарай дәрігерлік көмек те көрсетті. Айта кету керек, елімізде ардагерлер үшін емханалар жанынан «мүгедектер кабинеті» жасақталған. 20 жылдан астам уақыт жұмысын жалғастырып келе жатқан бөлімдерде қариялар ем алады, тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі.