Шангерей атамыз бізді аса мейірімділікпен, жылы жүзбен қарсы алды. Ардагер әңгімесін балалар ынта қойып тыңдап, ерлігі үшін алған төсбелгілерін қызыға тамашалады. Аталарын өлең жолдарымен кұттықтап, батасын алып, ақылын тыңдады.
Балалардың кездесуден алған әсерлері әрине, ерекше болды десе де болады. Қоштасар сәтте Отанын, елін, жерін қорғайтын азамат болуға сөз берді.
Айта кетейік, біз қонақта болған ҰОС-ның ардагері, әскери фельдшер Шангерей Жаныбекұлы Жаныбеков 2-ші Украина майданында соғысып, Румыния, Венгрия, Чехославакия және Австрия мемлекеттерін азат етуге қатысқан.
Майдан даласында көрсеткен ерлігі үшін «II-ші дәрежелі Отан соғысы» орденін, екі рет «Ерлігі үшін» медальдарын төсіне таққан.
Соғыстан кейінгі жылдары ерен еңбегі үшін «Октябрь Революциясы», төрт «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы», «Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған.
Айнұр Қабдулдина,
№58 балабақшасы, Алматы қаласы