Статьи

Ардагерлерге арналған медициналық тексеру жұмыстары

«Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары» қоғамдық қорының ерікті мүшелері Алматы инновациялық колледжінің, жалпы медицина саласында оқитын студенттер. 5 қараша күні Ұлы Отан соғысы және Тыл еңбек ардагерлерінің үйлеріне барып, ардагерлеріміздің денсаулықтарын тексеріп, қажеттілігіне қарай дәрігерлік кеңес беріп, көмек көрсетті.
Елімізде Ұлы Отан соғысы және Тыл еңбек ардагерлері үшін емханалар жанынан «мүгедектер кабинеті» жасақталған. 20 жылдан астам уақыт жұмысын жалғастырып келе жатқан бөлімдерде ардагерлер ем алады, тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген ардагерлерімізді республика бойынша емхана қызметкерлері тұрақты қамқорлықтарына алған. Күн санап, қатарлары сиреп бара жатқан ардагерлерімізді ардақтау, оларға қажетті көмек көрсету біздің міндетіміз.
2019-11-08 00:00 Волонтеры Новости