Елімізде Ұлы Отан соғысы және Тыл еңбек ардагерлері үшін емханалар жанынан «мүгедектер кабинеті» жасақталған. 20 жылдан астам уақыт жұмысын жалғастырып келе жатқан бөлімдерде ардагерлер ем алады, тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген ардагерлерімізді республика бойынша емхана қызметкерлері тұрақты қамқорлықтарына алған. Күн санап, қатарлары сиреп бара жатқан ардагерлерімізді ардақтау, оларға қажетті көмек көрсету біздің міндетіміз.