Құрбан айт — рухани тазалықты, ізгілікті, адалдық пен терең сенімді ұлықтайтын, жақындарына қайырымдылық пен қамқорлық танытуға шақыратын мереке.
Мерекенің ұлықтығы — үш күн айтта адам баласы өз Жаратушысына барынша жақындауға мүмкіндік алады. Биылғы құрбан айт – қыркүйектің 12-іне дұп келіп, бұл күн елімізде мерекелік демалыс ретінде белгіленді.
«Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары» қоғамдық қоры ұйымдастыруымен өткен іс-шараға белсене қатысқан Алматы қаласының мешіттері, құрбандыққа шалынған малдың етін мұқтаж Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне таратып, қалған етті жыл бойы ұйымдастырылатын «Ыстық тамақ» жобасына қамтамасыз еткені үшін Алматы қаласының: Орталық мешітіне, Тастақ мешітіне, Таугүл-3 мешітіне, Мырзахмет мешітіне, Райымбек батыр мешітіне, Вайнах мешітіне, Бекет ата мешітіне, әль Хамид мешітіне, Бақыткелді мешітіне, Умар-Ибн-Аль-Хаттаб мешітіне, Байкен мешітіне, Али-Мухамед мешітіне, аль-Ихсан мешітіне, Хаджиган қоғамдық қорына, Абу-Батыр мешітіне, Алтын орда сауда орталығына «Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары» қоғамдық қоры мен ардагерлер атынан шексіз алғысымызды білдіреміз.