Статьи

Біз олардың алдында қарызбыз

Қарт адамға қуаныш сыйлау бір ғажап күйге бөлейді. Себебі адамның жасы ұлғайған сайын оның көңілі бала қалпына қайта түседі. Яғни қартты қуанту баланы қуантумен тең.

Біз қамқорлық көрсететін ардагерлердің көп бөлігі жалғызбасты. Сондықтан оларға өздерінің қоғамның бір мүшесі екендіктерін сезіну аса маңызды. Ал оларға жасалған сыйлыққа құн жетпейтіндей көрінеді.

Төсек тартып жатқан адам күні бойы өз ойларымен арпалысады. Және сол ойлары жегідей жеп мазалай береді. Мұндай сәтте жанына келіп, шер тарқатып, әңгіме айтатын адам керек.

Кейде ардагерлердің көз жасына куә боламыз. Бірақ неліктен жылап жатқандығын сұрауға бата алмаймыз. Бәлкім жастарға қарап, өз өткен өмірін есіне алады. Бәлкім өзінің ұмыт болмағанын, әлі де керектігін сезініп жылайды. Мұндай сәттерде жұбатуға арналған сөз табу да қиын.

Ардагерлер өз өмірлеріндегі ерекше сәттерде еске алады. Және өздерінің майдандағы ерліктері үшін алған марапаттарын көрсетіп марқайып қалады. Бұл мақтаншақтық емес, бұл бейбіт күннің қалай келгендігін ұғындырудың бір тәсілі.

Олар біздің бақытымыз үшін бейнеті көп өмір сүрді. Енді сол бейнеттің зейнетін көрер шағы келді. Оларға қуаныш сыйлау біздің тарих алдындағы борышымыз.
Новости Отчеты