Ардагерлерді құрметтеу – баршамыздың парасатты парызымыз. Бүгінгі бақытты өмірге жеткеніміздің өзі – сол ардагерлеріміздің арқасы. Соғыс жылдары талай қиындықты бастан өткеріп, ерлік пен қаһармандықтың үлгісін көрсеткен, өйткені сұрапыл соғыста жауынгерлер Жеңіс сағатын минуттап күтті. Қаншама жауынгерлер қыршынынан кетті, отбасы ойран болды. Бүгінгі біз қол жеткізіп отырған тәуелсіздік пен егемендікке сіздердің арқаларыңызда ие болдық. Бүгінде мерекеде еске алып, батыр жауынгерлеріміздің бақытты өмір үшін төккен терлері, аққан қандары бекерге кетпеді. Ардагерлер –кешегі Отан қорғаушылар, еліміз деп, жандарын берген, соңдарында өшпес із қалдырған жандар. Олардың оқ пен оттың ортасындағы ерліктері әрдайым елеулі болады. Сындарлы жылдарда басқа көп ұлтты жауынгерлердің тілдері басқа болғанмен, тілегі бір, жүздері басқа болғанмен, жүректері бір болып, жұдырықтай жұмылды, жауды жеңді. Сол кездегі соғысқа қатысқан, тылда еңбек еткен әке-шешелеріміз жеңіс үшін майдан даласында ерлік пен тылдағы жанқиярлық жеңіс туын желбіретті. Соншама жыл өтсе де ешкім еш нәрсені ұмытпайды, тылда аянбай еңбек еткен, күміс, алтын белгілерінің иегері Анам Тыл ардагері Сарсенова Зылиха Сарсенқызы 1929 жылдың 15 қыркүйегінде Саратов обылысы, Александров ауданы, |Дружба совхозы, Байхожа ауылында дүниеге келген. Не бары 17-18 жасар қыз, оты мен суына, ыстықпен суығына, алдында не күтіп тұрғанын білместен еңбек етуге аттанған.. Ұлы Отан соғыс кезінде аштықтыда, тоқтықтыда көрген қайсарлы, жігерлі анам Зылиха. Сарсенқызы. 1947 жылы сүйген жары Ұлы Отан соғыс ардагері Сатыбалды Қисметұлымен танысып отау құрды. Көп балалы Ана, күміс,алтын алқалардың иегері. Ерен еңбектері үшін медальдарымен марапатталған.Отбасының ыстығы мен суығына, іші мен сыртына жүріп еңбек еткен. Ананың сүйіспеншілікке толы жүрегі тоғыз ай көтеріп құрсағында, 11 баласына нұры мен шуағын, аспандағы айды жарық қылатын, жұлдыздарын жарқырата шашатын, алладан әр баласына саулығын тілеп, түн ұйқысын төрт бөліп,кірпік қақпай, таңды көзбен атырған ең асылда, ең қымбат жан ол АНАМ! Біз үшін данасыз, әр сәт сайын мейіріміңізді төгіп, ақылыңызды төге отыратын аяулым сіз едіңіз АНАШЫМ! Он бір құрсақ көтеріп, балаларынан тараған ұрпақтары ,отыз немере, отыз екі шөбере, бір немене бір үлкен отбасын ұйытып отырушы едіңіз Анашым. Анам 90 жаска қараған шағында 2019 жылдың 4-ші шілдесінде дүниеден озды. Міне бүгінде екі жыл жарым уақыт өтті, ұрпағын аңсаумен, сағынумен еске алады. Жаныңыз жәннәттә болсын Анашым!
Анашым жетпейді жинасамда бар асылды, Дәл өзіңдей көрмеппін жан ашырды. Ұл-қызыңа қашанда қамқор болған, Анажаным,Анажаным Аңсаймын мен әлі сені, Сенсіз өмір қинап барады мына мені. Жанарымнан үзілседе тамшы жастар, Елес болып,келмейсің-ау көлеңкелі Анашым,Анашым Тұйық болып барамын, Ішімде өрт,күңіренген қара мұң Есейсемде әр жыл сайын сен үшін, Кіп-кішкентай қызың болып қаламын. Анашым, Анашым Жақсы адам ол жаққада керек екен, Жұмақ төрін Анашым мекендеген Топырағың торқа болсын жан Анашым! Орын берсін! Алла саған жұмақтан. Қорғап ,қолдап аруағыңмен ұрпағыңды Сақтай көрші Аллам өзің жаратқан.- деп қанша өлең айтсамда, жыласамда,сіздің ыстық алақаныңызсыз күн кешудеміз. Өзіңізбен әр өткен күндеріміз, жадымызда мәңгіге есте қалады Анашым!