Стать волонтером

Подписаться на журнал

Помочь ветерану

Ардагерлерге арналған Жаңа жылдық құрметіміз!

«Уақыт-зымыран» демекші, міне 2020 жылдың да алғашқы айының бірнеше күндері зуылдап өте шықты. Биыл Ұлы Отан соғысының жеңісіне -75 жыл. Қаншама уақыт, қаншама жылдар… «…Қариялар азайып бара жатыр». Шындығында, 75 жыл аз уақыт емес, «Отан үшін отқа түсіп, ел басына күн туғанда етігімен су кешкен әкелеріміз бен аталарымыз, бүгінігі күні соғыс ардагерлері арамызда азайып, жылдан- жылға қатары сиреп барады.

«Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары» қоғамдық қоры соғыс ардагерлері мен тылда еңбек еткен қариялардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайларын, өмір сүру деңгейін жақсарту, қарттарға тиімді медициналық жәрдем көрсету үшін түрлі жұмыстар жүргізуде.

Ұлы Отан соғысының және Тыл еңбек ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсету «Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары» қоғамдық қорының жыл бойына жүргізілетін дәстүрлі жұмыстыардың бірі.

Осындай іс-шараны жүзеге асыру жолында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Алматы электрмеханикалық колледжінің директоры, техника ғылымдарының кандидаты Болатжан Дәулетұлы Бозымбаев мырзаның қолдауымен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ажар Шайзадақызы Байдилдаева мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мейіржан Бахытұлы Данияровтың жетекшілік етуімен өзін- өзі басқару ұйымының мүшелері, ерікті білімгерлеріміз Асылжан Болатбайұлы, Назым Махсутқызы және өндіріс шеберлері Тұңғышбай Аманхан, Күлсін Шайкенова 2019 жылдың 27 желтоқсаны күні Бостандық ауданында тұратын бірқатар Ұлы Отан соғысы ардагерлері Михаил Степанович Мусловты, Ұлы Отан соғысы мүгедегінің жесірі Анна Николаевна Данкованы, А.И. Супронды, тыл еңбек ардагері М.И.Аксютинаны, Р.Ф.Морозованы, А.С. Ксенофонтовты, Т.П.Дунаева ардагерлеріміздің үйлеріне барып, Жаңа жыл мерекелерімен құттықтап, «Ардагер.кz» журналы мен «Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары» қоғамдық қорының құттықтауын және азық түліктер мен тәттілерге толы қоржынды табыстады.

Осылайша Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Алматы электрмеханикалық колледж басшылығы мен ұжым мүшелері игі істі қолдай отырып, қазыналы қарт ардагерлеріміздің көңілдерін көтеріп, жан тебірентерлік өнегелі әңгімелерін тыңдап, бата тілекттеріне бөленіп, алғыстарын алды.

Нурсултан Ниязов