Powered by EverLive.net
8 (727) 277-88-78
Задать вопрос
Задать вопрос

Бас консулымен кездесу

Қазақстан мен көршілес Қытай арасындағы достық қарым-қатынас бүгінде елдіктің ажырамас бір бөлігіне айналды.

Нарықтық қатынасты былай қойғанда, сонау жиырмасыншы ғасырдың тарихи беттерінде өшпес ақтаңдаққа айналған соғыс жылдарында Жапон окуппациясынан Қытай халқын құтқарған Кеңес әскері қатарында қазақстандық жауынгерлер көзсіз ерлік танытып, екі елдің арасында алғашқы алтын көпірді орнатқаны белгілі.

Алматы қаласындағы Қытай халық республикасының елшілігі бүгінде сол достық көпірінің мызғымас іргетасы іспетті рөл атқарып отыр. Елшілік қызметкерлері бүгінде тек екі ел арасындағы қарым-қатынасты реттеп қана отырған жоқ. Сондай-ақ, Қазақстанның әлеуметтік саласына да өз үлестерін қосып отыр. Оның айғағы іспетті биылғы Жеңістің 70 жылдығы және ҚХР құрылғанына 66 жыл толу мерейтойына орай ҰОС ардагерлерін қабылдап, мерекелерімен құттықтауы.Алматы қаласындағы ҰОС ардагерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық проблемаларын жіті зертеп, оны шешу жолында елеулі еңбек атқарып келе жатқан «ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары» қоғамдық қоры.

Аталмыш қордың Кеңсесінде ҚХР Алматы қаласындағы Бас Консулы Чжэн Вэй мырза ҰОС ардагерлерімен, Кеңсе қызметкерлерімен кездесуі өтті. Бұл сұхбатқа БАҚ өкілдерімен қатар Еріктілер де қатысты.

Кездесу барысында, ардагерлер Ролдугин И.И, Жапарханов С, Максимова Т және А. Колесниковтер сонау соғыс жылдары туралы естеліктер айтып, соғыс аяқталған соң Кеңес әскерлерінің Қытай халқын Жапон езгісінен құтқаруға барып, тәуелсіздіктерін алып бергендігі туралы сыр қозғады. Бүгінде осы екі ел арасындағы бейбітшілік қарым-қатынас кешегі дүрбелеңнің жемісті жеңісі. Соғыс ардагері, ақын Ролдугин Иван Иванұлы Чжэн Вэй мырзаға өлең оқып, өзінің өлең туындылары жинағын сыйлады.

Өз тарапынан Бас Консул Чжэн Вэй мырза:

— Мен қазіргі таңда Қазақстанда елшімін деген атым болмаса, өз елімде, өз үйімде жүргендей өзімді жайлы сезінемін. Қазақстан халқы өте қарпайым, қонақжай, бейбітшілікті сүйетін және ардагерлерін, қарттарын құрметтейтін және құрметтеуге лайықты. Алматы қаласы маған бұрныннан да бөтен емес-ті. Мен сонау тоқсаныншы жылдары Қырғызстан мемлекетінде елші болдым. Сол кезде Пекиннен тікелей авиарейс болмағандықтан келген қонақтарымды осы Алматы әуежайынан күтіп алып, шығарып салатынмын.

Біз қытай халқы сонау соғыс жылдарында бізді жапон елінің езгісінен құтқарғандарыңыз, сол кезде қираған зауыттарымыз бен әлеуметтік нысандарымызды қайта тұрғызуға көмектескендеріңізді ешқашанда есімізден шығарған емеспіз және ұмытпаймыз да. Сіздердің алдарыңызда халқымның атынан алғысым шексіз. Біз Сіздердің қоғамдық қорларыңызбен тығыз әріптестік қатынастамыз және де алдағы күндері жалғасын табады деген үміттемін – деп сөз сөйледі.

Кеңестің атқарушы директоры Райхан Сламханқызы кездесуге келген Бас Консулға ардагерлер және қор қызметкерлері атынан алғысын білдіріп, естелік сыйлықтарын тапсырды. Соңынан қонақтар Бас Консулмен естелікке суретке түсті.

 

Подписывайтесь на новости!

  • События
  • Акции
  • Журнал «Ардагер.kz»
Сегодня 108
На этой недели 108
На прошлой недели 2660
Этот месяц 9347
Прошлый месяц 11795
За все время 102915
Пользователей на сайте: 0
Гостей на сайте: 20
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Brown Green Pink Violet
Layout Style
Select menu